7-11 наурыз аралығында Алматы қаласында өткен «Almaty Cup 2026» халықаралық турнирі аяқталды. Оңтүстік астанада өткен додада Астана қаласы мен елордалық намысын қорғаған жалғыз ұжым біздің команда болды.
8 команда бақ сынаған турнирде біздің ойыншылар жоғары деңгейдегі дайындықтарын көрсетті:
Топтық кезең: «А» тобынан сенімді түрде шығу;
Жартылай финал: «Қайрат А» командасымен өткен тартысты кездесу;
Финал: Алматылық «Интер» командасын 2:0 есебімен жеңіп, чемпион атандық!
Жеке марапаттар:
Команданың табысты өнері жекелей номинациялармен де ерекшеленді:
Батылбек Рамазан — турнирдің үздік ойыншысы;
Мақсұт Мадияр — турнирдің үздік шабуылшысы;
Команда бапкері Илья Александрович ерен еңбегі мен кәсібилігі үшін арнайы грамотамен марапатталды.
Мектебіміздің қолдауына және бізді алыстан демеген ата-аналар мен жанкүйерлерге алғысымыз шексіз. Бұл — ортақ жеңіс!