Статья

Астанада V халықаралық «Astana Cup» турнирі мәресіне жетті

Астанада V халықаралық «Astana Cup» турнирі мәресіне жетті

Елордадағы «AirArena» спорт кешенінде 2016 жылы туған жасөспірімдер арасында футболдан дәстүрлі V халықаралық «Astana Cup» турнирі аяқталды. 24-28 наурыз аралығында өткен бәсекеде Қазақстан, Ресей, Өзбекстан және Қырғызстаннан келген 12 үздік команда бақ сынасты. whatsapp-image-2026-04-28-at-011411-1.jpeg Төрт күнге созылған тартысты ойындардың нәтижесінде жартылай финалға «№8 балалар мен жасөспірімдердің мамандандырылған олимпиадалық резерв спорт мектебі» (БЖМОРСМ), «Пахтакор» (Өзбекстан), «Чертаново» (Ресей) және алматылық «Қайрат» жолдама алды. WhatsApp Image 2026-04-28 at 01.14.12.jpeg Жартылай финал: Мәскеулік «Чертаново» өзбекстандық «Пахтакорды» 3:0 есебімен жеңсе, елордалық №8 БЖМОРСМ командасы алматылық «Қайраттан» 1:0 есебімен басым түсті. Финал: Шешуші кездесуде «Чертаново» командасы астаналық ұжымды 4:0 есебімен ұтып, турнир чемпионы атанды. «Пахтакор» (Өзбекстан) командасы жүлделі үшінші орынды иеленді. whatsapp-image-2026-04-28-at-011412-1.jpeg «Astana Cup» - Қазақстанда 10-11 жас санатында халықаралық деңгейде өткізілетін бірегей дода. 2024 жылдан бері тұрақты ұйымдастырылып келе жатқан бұл турнир келесі жолы 2026 жылдың желтоқсан айында жанкүйерлерге жол тартпақ.